Осмонимиз ҳамиша мусаффо бўлсин!
 Каталог статей
Главная » Статьи » Мои статьи

Зағамбар сўзи нима маъно билдиради?
Зағамбар сўзи нима маъно билдиради?
Бир профессорнинг «ЗАҒАМБАР» СӨЗI НЕНI БIЛДIРЕДI? номли мақоласини ўқиб,калтабинликнинг белгиларини учратдим ва туркшунос ёки тарихдан хабари борлардан кимдир фикр билдирар деган мақсадда шу ерга жойладим.Гап шундаки, Жанубий Қозоғистонда Алишер Навоий номи билан аталадиган қишлоқ бор.80 фоиз аҳолиси ўзбеклар.Қолган 20 фоизига бу ўзбекона ном ёқмай, бошқа ном излашмоқда.Зағамбар сўзи ҳақида шу вақтгача ёзиб келинган далиллар исботланмаганлиги боис вилоят ҳокими қишлоққа бу номни беришдан бош тортди.Аслида бу қишлоқнинг номи Ёрғонлиқ бўлган.Заҳириддин Муҳаммад Бобурнинг "Бобурнома"сида ҳам бу қтшлоқ ҳақида батафсил маълумот бор.Лекин, қишлоқ Қозоғистонда бўлганлиги сабабли, қозоқ оғайниларимиз истаган номни беришга ҳақлари бор.Астанада Алишер Навоийга ҳайкал очилгани, шеърият султонини жаҳон тан олгани, у нафақат ўзбек тилига, балки туркий тилга асас солганибилан бу ердагиларнинг иши йўқ.Зағамбардан бошқа номнинг кераги йўқ уларга.Шундай экан, Зағамбар сўзи нима маъно билдиради, ўзбек тилида жаранглаши қандай, фикр билдирсангизлар.
Абдукарим Мирзо БОҚИЙ.
Туған тiлдiң төркiнi
«ЗАҒАМБАР» СӨЗI НЕНI БIЛДIРЕДI?
Оңтүстiк Қазақстан облысының Төлеби ауданында Қазығұрт тауының шығыстағы шоқысынан солтүстiкке қараған жағында Зағамбар елдi мекенi бар. Оның аты қашан, қай тiлдiң негiзiнде пайда болды, семантикасы /мағынасы/ ненi бiлдiредi? Осы сұрақ тек жергiлiктi тұрғындарды ғана емес, көпшiлiктi де, сонымен бiрге ғалымдарды да ойлантып отыр. Мәселенiң мән-жайы бiр топ оқымыстыларды да толғандырып, қолына қалам алдырды. Мысалы, Шымкент қаласындағы Ө.Жәнiбеков атындағы №19 мектеп директоры, тарихшы, мәдениеттанушы Е.Нұрсейiт бұл тақырыпқа байланысты көлемдi мақала жазыпты. Автор осы сөздiң этимологиясы жайлы мынадай жетi пiкiрдi алға тартады:
1.”Сағ-амбар” “сав-қам-йар” – сақтардың су қоймасы немесе “сағ-аңғар” — сақтардың аңғары.
2.”Зәк-амбар” (қам-йар) – су қоймасы немесе “Зәк-аңғар” — сулы аңғар, сулы жар.
3.”Зәк-ом (бы)-йар” – су жиналған жар.
4.”Зәк-қом-йяр” – су жиналған жар.
5.”Зәк-қамбар” – жылқы саз, жылқы сай.
6.”Иаг-аңғар” – майлы аңғар.
7.”Иаг-қом-йар” – май жиналған жер немесе “сағ-ом (бы)-йар” – майлыжар. Ғалым соңында жетiншi пiкiрдi қолдай келiп иағ-қом-йар формасына тоқтап “майлы жер” болуы мүмкiн деп тұжырымдайды.
Зерттеу нысаны болған “Зағамбар” сөзiнiң мағынасы туралы белгiлi ғалым Орынбай Бекжан да былай деп түйiндейдi. Бұл сөз қазақтың эпостық жыры «Қамбар батырмен» тiкелей байланысты. «Қамбар батыр» жыры — өте көне, бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi cақ тайпалары өмiр сүрген дәуiрде дүниеге келген жыр. Зерттеушiлердiң пайымдауынша, Қамбар батыр Қаратау, Қазығұрт таулары өңiрiнде ғұмыр кешкен. «Зағамбар» атауы «Сақ Қамбар» деген күрделi атаудың бiр нұсқасы. «Сақ» сөзi айтылғанда «ЬIсқақ» болып қолданылады. Екi дауыстының арасындағы «с» дыбысы ұяң «з» дыбысына өзгередi. Сондықтан, «Сақ Қамбар» - Заң Қамбар-Зақамбар-Зағамбар болып өзгерген».
Зерттеушi-қаламгер Момбек Әбдәкiмұлы да осы сөздiң мән-жайы жайлы ой қозғаған. Бұл зерттеушiнiң пiкiрiнше, Зағамбар түбiнде Сақамбар, фонетикалық өзгерiстердiң нәтижесiнде бүгiнгi формада сақталған деп қорытындылайды: «Зағамбар» атауындағы алғашқы түбiр сөзi «Сақ», кейiнгi «Зақ» (осы ескерткiш төбелерге байланысты шыққан. Кейбiреулер жазып жүргендей, ол қарға құсының ескi атауы - ұзаққа /заққа/ да немесе қашықтықты бiлдiретiн ұзаққа да байланысты болмаған.
Ендi Саққа /Заққа/ қосылған амбар /аңғар/ сөзi жайын талқылайық. Бiз сөз етiп отырған жер — Бадам өзенiнен бастап, ары қарай оңтүстiк-батыс шеттегi асуға дейiн екi жағын табиғи төбелер қоршап жатқан аңғарлы сай. Осы аңғарлы сай әлгi сақтардан қалған қорған төбелерге байланысты әу бастан «Сақамбар» /мәнiсi - Сақтар аңғары, Сақтар сайы/ деп аталған. Ал көне түркiлер мұндай ұяға пара-пар жайлы, әрi ықтасын орынды амбар деген. Сол көне түркi тiлiнде бұл сөз қамба, қойма дегендi де ұқтырған. Кейiн Сақамбар сөзi тiлдiң айтылу үндестiгiнiң оңай келетiн нұсқасына орай Зағамбар делiнген.
Сонымен, қорыта айтқанда Зағамбардың түп-төркiнi — Сақамбар. Сақтар сайы, сақтар мекенi деген көне ұғымның осы күнге дейiн ұмытылмай тұрған жаңғырығы».
Бiреулер Зағамбардың төркiнiн «Ұзақаңғар» деген сөзден iздейдi. Мұның аңғар деген сөзiне келiссек те, ұзақ деген атауына келiспеймiз. Өйткенi, Бадам өзенiнен бастап, Белге (Қаржан Алатауы мен Қазығұрт ортасын бiрiктiрiп тұрған қыратқа) дейiн тай шаптырып келетiн жердi қазақ ешуақытта ұзақ жерге балаған емес. /Ұзақ аңғар деген жер Өгем тауының iшiнде бар. Ұзындығы — 20 шақырымдай/. Одан соң Ұзақаңғар қалай Зағамбарға айнала салады? Ұ-ны қоспағанның өзiнде, халық оны Зақаңғар дей салар едi ғой.
Ендi бiреулер бұл атауды Сақ — Қамбардан шығарады. Сақ — елдiң, Қамбар батырдың аты. Бұл да дұрыс болжамға бiртабан жақын.
Ал үшiншi бiр топ оны зәк-аңғар атты қосынды сөзден құралған дейдi. Мәнiсi — зәктi, ылғалды аңғар. Қазақ зәктi жер деп алақандай ғана орынды таныған. Аумағы үш-төрт шақырым жердi қазақ “зәктi жер” деп атай қоймас-ау. Одан соң көне сөз — амбар кейiнгi орныққан сөз аңғарға айналмай, керiсiнше, көне сөз амбарға неге айналатынын олар түсiндiрiп бере алмайды.
Қазiргi күндерi екi компоненттен тұратын сақ және амбар, яғни Зағамбар атауы құлаққа жағымсыздау боп естiлсе де, жергiлiктi тұрғындар осы атауды сүйедi және одан ажырағылары келмейдi. Неге десеңiз, ықылым замандардан жеткен көне атау бәрiне ыстық.
Авторлар сонымен бiрге осы сөздiң келiп шығуы жайлы пiкiрлердi де сын көзбен қарастырады. Айтылған пiкiрлердi қорытындыласақ, мәселенi қарастырған зерттеушiлер “Загамбар” ойконимi екi түбiрлi сөз зақ // сақ+амбар «қамба», демек сақтардың амбары «қамтасы» «мекенжайы» деген пiкiрге тоқталады. Бiреулер Қамбар батыр есiмiне байланысты “Сақ Қамбар” дейдi. Бiрақ та оған тарихи деректер келтiрiлмеген, сондықтан бұл есiм кездейсоқ пайда болуы қисынға келмейдi, сонымен бiрге бұл жағдай қатар заңына сәйкес еместiгiн ескеру керек. Ал “аңғар” сөзiнiң амбар сөзiне айналады деген пiкiр қисынға келiңкiремейдi. Себебi, бұл жерде үлкен амбар қамба жасаудың қажетi болды деп пiкiр айту мүмкiн емес. Географиялық атаулардың келiп шығу заңдылығына, логикасына сәйкес келмейдi.
Ономастика ғылымының негiзiн қалаған iрi ғалымдардың бiрi В.А.Никонов топонимдердiң (ойконим, ороним, гидроним) пайда болу заңдылықтарын нақтылаған. Ғалымның пiкiрiнше, ономастикада есiмдер кездейсоқ туындамайды. Кез келген есiм белгiлi тiлдiк заңдылықтарға сәйкес дүниеге келедi, тағы да географиялық атаулар мiндеттi түрде бес заңдылыққа сәйкес туындайды делiнген:
1.Қатар заңы
2.Позитивтiк заңы
3.Негативтiк заңы
4.Калька жолы
5.Халық этимологиясы /жалған этимология/.
Түсiнiктi болу үшiн айтатын жәйттi екiншiден бастайық.
2.Позитивизм — аталған жердiң белгiлерiне есiмнiң толық сәйкестiгi, мысалы, Ақтау, Қызылжар, Қаратау, т.б.
3.Негативизм позитивтизмге керiсiнше түрде кездеседi, мысалы, өңкей емен ағаш орманның iшiнде бiр-екi қайың өскен болса сол жер Қайыңды болып аталады, Мырзашөлде кезiнде су тапшы болған, ал соған қарамай бұл жерде суға байланысты көне топонимдер кеңiнен таралған.
Калька жолы жер-судың атын тiлден тiлге тiкелей аудару, мысалы, Ресей патшалығы Орталық Азияны басып алған кезде Мырзашөлде Қораз көлдi - Петушиное озеро, Шошқа көлдi - Кабанье озеро, Үш тамды - Три домика деп аударған;
Халық этимологиясы (лингвистика ғылымында халық этимологиясын жалған этимология дейдi) — бұл заңдылық белгiлi бiр жер-су атына тиiстi аңыз-әңгiменiң туындауын және сол есiмнiң түсiндiру жолын аңғартады. Мысалы, Қырық қыз, Оқжетпес, Мың шейiт, Қазғұрт, т.б. Айтылған заңдылықтардың iшiнде ең кең тарағаны бiрiншiсi — қатар заңы. Осы заңдылыққа сәйкестiк былай деп нақтыланады: топонимдер негiзiнен белгiлi бiр қатарда (тiлдiк форманттардың қайталануы) туындайды делiнген. Шын мәнiнде де солай. Мысалы, Ташкент, Шымкент, Құмкент, Өзгент, Самарканд (Самар кент); Ақсу, Қызылсу, Бозсу; Қазғұрт, Башқұрт, Қызылқұрт, т.б.
Бiз қарастырып отырған Зағамбар ойконимi осы қатар заңына толық сәйкес түрде дүниеге келгенi анық көрiнiп тұр. Жоғарыда аталған авторлардың дұрыс деп санауға болатын пiкiрi Зағамбар екi түбiр сөзден құралған дегенi. Шын мәнiнде, Зағамбар Сақ+аңғар. Осы жерде екiншi түбiр сөздi (аңғар) қарастырайық, аңғар сөзi қатар заңында, позитивизмге де сәйкес келедi. Аңғар сөзi ежелгi түркi-моңғол тiлдерiнде географиялық термин ретiнде кең тарағанын Э.М.Мурзаев өз сөздiгiнде анық көрсетiп, көптеген мысалдарды келтiрген.
Өзбекстан Республикасының жерiнде кездесетiн Охонгаран, Ангрен, Анхор формаларында сай, өзен, канал аттары осы Аңғар сөзiнiң фонологиялық тұрғыдан өзгерiске түскен көрiнiстерi. Түбiнде Оханг+аңғар парысыша Оханг — «дауыс». Бұл жерде ағысы тез сарқыраманың қорқынышты даусы кейiннен паре тiлiнiң әсерiнен Охоангарон деген гидронимнiң қалпында жазба ескерткiштерде кездеседi. Осы қатарда Ангрен — Ташкент облысында Сырдария өзенiне құйылатын iрi сайдың суы. Осы қалпында үлкен қаланың аты да кездеседi. Бұл сөздiң түпкi негiзгi нұсқасы — Аңғар. Ташкент қаласынан кесiп өтетiн, қолдан қазылған арықтың аты Анхор. Бұл сөздiң келiп шығуы да жалпы түркi тiлiндегi аңғарға байланысты.
Аңғар сөзi гидроним ретiнде Түркiменстан жерiнде де кездеседi. Мысалы: Аннагара — Конеурченг ауданында (Дериялықта). Бiрақ та С.Атаниязов бұл сөздi акторнаним деп санайды. Дегенмен, гидронимнiң Әмудария жағасында кездесетiндiгi бұл сөзiн жердiң үзiлiсiне байланысты аңғар деп аталуы себебi болғаны анық көрiнiп тұр.
Түркия жерiнде осы мемлекеттiң iрi қаласының аты Анкара да осы қатарда екендiгi күмән тудырмайды. Аңғар сөзiнiң тiлдiк жағынан келiп шығуы өте көне дәуiрге барып тақалады. Аңғар деген топонимнiң түбiрiн етiстiк деп Э.Севортиян аң-аң - етiстiк түбiр сөздi анықтаған. Бұл түбiр көне жалпы тiлдiк түбiрлер қатарында мимеографиялық, лексималардың түбiрi ретiнде кездеседi деп былай жазады: «аң-,-аң- примыкает к мимеографическим лексемам, выражающим облик, вид, позу, положение, состояние живых существ, главным образом человека - облик оцепеневшего, изумленного человека».
Ауыспалы түрiнде бұл түбiр сөз кең, ашық деген мағынаға ие деп жазады автор: «Гетический связи тюрк, аңқай-, монг. Апgili - и исторически блиской к тюркской монгольской форме Апgili //ангайх «раскрывать», открывать, быть широко раскрытым».
Сонымен аңғар сөзi географиялық термин ретiнде көне түркi заманында, оның жалғасы қазақ тiлiнiң негiзiнде қалыптасады. Қазақ әдеби тiлiнiң сөздiгiнде былай деп жазылған. «Аңғар зат геогр. өзен ағысында пайда болған, бiр жағына еңiс, ойыс, сай-сала, жыра». Зағамбар түбiнде Сақаңғар болуға тиiс. Сондықтан бұл елдi мекеннiң аты осы өңiрдегi географиялық терминмен тiкелей байланысты. Аңғар сөзi жердiң ерекшелiгiне байланысты тiкелей мағынада қолданғаны анық көрiнiп тұр.
Бұл қос сөздiң бiрiншi түбiрiне оралсақ, Сақ сөзi нақты көрiнiп тұр. Қазақ тiлiнде Сақ сөзi бiрнеше мағынада қолданылады, негiзгiсi сын есiм: Сақ — қырағы, абай, көреген. Бiздiң зерттеуiмiздiң нысаны Зағамбар сөзiнiң түпнұсқасы екi түбiрлi қос сөз Сақ+аңғар. Осы күйiнде қазақ тiлiнiң негiзiнде қалыптасқаны десек адаспаймыз. Сақаңғар дәл осы формада, дәл осы мағынада қалыптасқан логикалық тұрғыдан дәлелдесек болады. Бiрiншiден, бұл жердiң географиялық құрылымы аңғар сөзiнiң мағынасына толық сәйкес: Бадам өзенiнiң ағысына қарай сол жағалауында кеңдiгi 3-4 шақырым, ұзындығы 7 шақырымдай кең алқап. Мал шаруашылығымен айналысатын қазаққа малына жазғы жайлау ретiнде өте қолайлы, қыс жеңiл болған жылдары қыстауға мүмкiндiк бар ыңғайлы жер екендiгi бiр көргеннен белгiлi. Екiншiден, көне заманда жаугершiлiк, тонаушылық, барымта жиi болғаны белгiлi. Ал бұл анғардың (сақаңғардың) ерекшелiгi, жан жағынан қарауыл төбелер болған. Бұл жерлерде сақшылар күнi-түнi күзетте тұрған. Сондықтан мал-жан көбейiп, береке-байлық мол болған. Сақ - «қырағы», «абай», «көреген» халқы бар бұл өңiр ежелден жақсы Сақаңғар есiмiне ие болған.
Амбар сөзi аңғар сөзiне ешқандай қатысы болуы мүмкiн емес. Бұл сөздер келiп шығу жағынан да, мағыналық жағынан да басқа-басқа. Қазақ тiлiнiң түсiндiрме сөздiгiнде амбар сөзi иран тiлдерiнен қазақ тiлiне енген деп көрсетiлген, мағынасы «қамба». Бiз қарастырып отырған Зағамбар елдi мекен аты амбар сөзiне ешқандай қатысы жоқ. Бұл нұсқа Сақаңғар сөзiнiң фонетикалық өзгерiстiң нәтижесiнде Зағамбар болып айтылып жүр.
Сақаңғар (Зағамбар) географиялық жер қойнауының аты трансонимизация (топонимикалық метонимия) жолымен елдi мекен атына ауысып бүгiнде айналаға ойконим ретiнде танымал. Кез келген топонимиялық системаларда трансонимизация жолы кеңiнен кездеседi, мысалы, Аксу (өзен) > Ақсу (елдi мекен), > Бадам (өзен). Бадам (елдi мекен), Қызылсу (өзен) > Қызылсу (елдi мекен) Шыршық (өзен) > Шыршық (қала), Ангрен (сай) > Ангрен (қала), т.б.
Жоғарыда айтылғандардан соң төмендегiше қорытынды жасаймыз:
1.Сақаңғар жоғарыда келтiрiлген мысалдарды ескерсек толығымен қатар заңдылығына сәйкес қалыптасқан. Сонымен бiрге Сақаңғар мағынасына қарай толық позитивизм заңдылығына сәйкес. Ал бүгiнгi қолданыстағы Сақаңғардың > Зағамбар формасының қалыптасқандығын фонетикалық регрессивтi имиляция заңдылығымен түсiндiруге болады. Бұл Сақаңғар қос сөздiң құрамындағы ұяң дыбысының әсерiнен алдыңғы қатаң дыбыстар ұяңдасын Зағамбар формасы қалыптасады, тағы да ескеретiн жай ң дыбысы м дыбысына ауысады.
2.Тiлдiк жағынан көне дәуiр туындысы Сақаңғар екi түбiрлi сөз. Екiншi түбiр ежелден көне түркi заманынан белгiлi. Ал бiрiншi түбiр сақ таза қазақ тiлiнiң туындысы десек болады.
3.Сақаңғар мағыналық жағынан «қырағы аңғар» деген мағынаға ие.
4.Сақаңғар // Зағамбар — жер аты. Трансонимизация жолы мен бүгiнде елдi мекен аты ретiнде қолданылып келедi.

Нұрлан МЫҢБАЕВ,
М.Әуезов атындағы ОҚМУ ҒЗО-ның жетекшi ғылыми қызметкерi, филология ғылымдарының докторы.

Источник: http://www.oksh.kz/arhive/113-114/19.htm
Категория: Мои статьи | Добавил: яргаллык (20.06.2014) | Автор: Абдукарим Мирзо БОҚИЙ E W
Просмотров: 1623 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 28.03.2024, 18:13
Приветствую Вас Мехмон
Главная | Регистрация | Вход
Facebookдаги адрес
Меъморий обидалар
Ўзбеклар Уюшмаси
Сайт бўйлаб излаш
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz